НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша – Sputnik. Темірхан Досмұхамбетов 73 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ол туризм және спорт министрі, Астана қаласының әкімі, мәжіліс депутаты, президенттің іс басқарушысы, Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы қызметтерін атқарды.
Экс-министр Темірхан Досмұхамбетов дүниеден өтті
Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор.
Темірхан Досмұхамбетов кейінірек "Байсерке-Агро" агрохолдингін басқарды.
1949 жылы 8 наурызда Қостанай облысында дүниеге келген.
ІІ дәрежелі "Барыс" орденінің, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының, мерейтойлық медальдардың, Халықтар достығы орденінің иегері.
Оқи отырыңыз: