Оқиға

Шымкентте кіреберістің терезесінен құлаған бала көз жұмды – оқиғаның мән-жайы

2017 жылғы ұл бала ата-анасының қарауынсыз қалып, баспалдақ аралығындағы терезеден құлап кеткен. Оны ауыр халде ауруханаға жеткізген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша –  Sputnik. Шымкентте бес қабатты үйдің кіреберісінде жүрген төрт жасар бара терезеден құлап, ауруханада көз жұмды, деп хабарлады қаланың төтенше жағдайлар департаменті.

Шымкентте кіреберістің терезесінен құлаған бала көз жұмды – оқиғаның мән-жайы

Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға Абай ауданы Гагарин көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйде болған. 30 қазан күні түнгі сағат 23.18-де төрт жасар баланың төртінші қабаттан құлағаны туралы хабар түскен.

"Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің мамандары барып, 2017 жылғы ұл бала ата-анасының қарауынсыз қалып, баспалдақ аралығындағы терезеден құлағанын анықтады. Оны ауыр халде ауруханаға жеткізген. Өкінішке қарай бала көз жұмды", - дейді құтқарушылар.

Осы орайда департамент қызметкерлері ата-аналарға ескерту жасап, балаларды терезесі ашық бөлмелерде және балкондарда қараусыз қалдырмау қажеттігін тағы бір мәрте еске салды. Үйде болмасаңыз, терезені бала өздігінен аша алмайтындай құлыптап кету керек. Сондай-ақ балаларға ашық терезелерге жақындауға және терезенің жанында ойнауға болмайтынын үнемі айтып отырған жөн.

Шымкент қаласында жыл басынан бері 7 бала терезеден құлап кеткен. Үшеуі жарақат алса, төрт бала көз жұмды.