Оқиға

Шымкентте кіреберістің терезесінен құлаған бала көз жұмды – оқиғаның мән-жайы

© Photo : Шымкент төтенше жағдайлар департаментіШымкентте кіреберістің терезесінен құлаған бала көз жұмды
Шымкентте кіреберістің терезесінен құлаған бала көз жұмды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2021
Жазылу
2017 жылғы ұл бала ата-анасының қарауынсыз қалып, баспалдақ аралығындағы терезеден құлап кеткен. Оны ауыр халде ауруханаға жеткізген

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша –  Sputnik. Шымкентте бес қабатты үйдің кіреберісінде жүрген төрт жасар бара терезеден құлап, ауруханада көз жұмды, деп хабарлады қаланың төтенше жағдайлар департаменті.

© Photo : Шымкент төтенше жағдайлар департаментіШымкентте бес қабатты үйдің кіреберісінде төрт жасар бара терезеден құлап кетті
Шымкентте кіреберістің терезесінен құлаған бала көз жұмды – оқиғаның мән-жайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2021
Шымкентте бес қабатты үйдің кіреберісінде төрт жасар бара терезеден құлап кетті

Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға Абай ауданы Гагарин көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйде болған. 30 қазан күні түнгі сағат 23.18-де төрт жасар баланың төртінші қабаттан құлағаны туралы хабар түскен.

"Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің мамандары барып, 2017 жылғы ұл бала ата-анасының қарауынсыз қалып, баспалдақ аралығындағы терезеден құлағанын анықтады. Оны ауыр халде ауруханаға жеткізген. Өкінішке қарай бала көз жұмды", - дейді құтқарушылар.

Осы орайда департамент қызметкерлері ата-аналарға ескерту жасап, балаларды терезесі ашық бөлмелерде және балкондарда қараусыз қалдырмау қажеттігін тағы бір мәрте еске салды. Үйде болмасаңыз, терезені бала өздігінен аша алмайтындай құлыптап кету керек. Сондай-ақ балаларға ашық терезелерге жақындауға және терезенің жанында ойнауға болмайтынын үнемі айтып отырған жөн.

Шымкент қаласында жыл басынан бері 7 бала терезеден құлап кеткен. Үшеуі жарақат алса, төрт бала көз жұмды.

Жаңалықтар
0