Қоғам

Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен оқу-жаттығу өткізіп жатыр

Екі елдің әскери қызметкерлері бірлескен арнайы операцияны ұйымдастыру және оны өткізу мәселелерін пысықтайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша – Sputnik. Қазақстанның оңтүстігінде Өзбекстанмен бірлескен "Қалқан-2021" оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Оқу-жаттығу Гвардейск гарнизонында Қарулы күштердің арнайы мақсаттағы бөлімшелері арасында өтіп жатыр.

Елімізден 250-ге жуық әскери қызметші, 40-тан астам брондалған және автомобиль техникасы, он бірлік авиациялық техника, сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттары қатысады.

"Оқу-жаттығу барысында екі елдің әскери қызметшілері қосымша тактикалық жасақ құрамында бірлескен арнайы операцияны ұйымдастыру және оны өткізу мәселелерін пысықтайды", - делінген хабарламада.

Оқу-жаттығу арнайы операцияны ұйымдастыру және өткізу барысында басқару органдары мен бөлімшелерінің іс-қимылдарының үйлесімділігін жетілдіруге, арнайы мақсаттағы бөлімшелер жеке құрамының машығын арттыруға, сондай-ақ халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Қазақстан мен Өзбекстан Қарулы күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелері арасындағы "Қалқан-2021" бірлескен тактикалық арнайы оқу-жаттығуы биылғы жылдың 5 қарашасында аяқталады.

Оқи отырыңыз: