НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 526 адамда ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Бір тәулікте республикада 1 526 қазақстандықтан коронавирус табылды.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 135,
- Алматы қаласында - 221,
- Шымкент қаласында – 35,
- Ақмола облысында – 127,
- Ақтөбе облысында - 37,
- Алматы облысында - 103,
- Атырау облысында - 21,
- Шығыс Қазақстан облысында - 53,
- Жамбыл облысында - 22,
- Батыс Қазақстан облысында -42,
- Қарағанды облысында - 151,
- Қостанай облысында - 130,
- Қызылорда облысында - 27,
- Маңғыстау облысында - 10,
- Павлодар облысында - 217,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 162,
- Түркістан облысында - 33.
Пандемия басталғалы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 939 217 адамға жетті.
Сондай-ақ өткен тәулікте 17 науқас коронавирустан, 2 пациент ковидтік пневмониядан қайтыс болды.
31 қазандағы мәлімет бойынша, 46 875 адам коронавирус инфекциясынан (–41 146 + және 5 729 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 287 пациент стационарда, 38 588 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында 599 адамның жағдайы ауыр, 152 пациент хәл үстінде жатыр, 99 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.