Денсаулық

Коронавирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар статистикасы жаңарды

© REUTERS / ALFREDO ESTRELLAАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2021
Жазылу
Соңғы мәлімет бойынша, республикада індетке шалдыққан 599 адамның жағдайы ауыр, 152 пациент хәл үстінде жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 526 адамда ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бір тәулікте республикада 1 526 қазақстандықтан коронавирус табылды.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында -  135,
  • Алматы қаласында - 221,
  • Шымкент қаласында – 35,
  • Ақмола облысында – 127,
  • Ақтөбе облысында - 37,
  • Алматы облысында - 103,
  • Атырау облысында - 21,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 53,
  • Жамбыл облысында - 22,
  • Батыс Қазақстан облысында -42,
  • Қарағанды облысында - 151,
  • Қостанай облысында - 130,
  • Қызылорда облысында - 27,
  • Маңғыстау облысында - 10,
  • Павлодар облысында - 217,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 162,
  • Түркістан облысында - 33.

Пандемия басталғалы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 939 217 адамға жетті.

Сондай-ақ өткен тәулікте 17 науқас коронавирустан, 2 пациент ковидтік пневмониядан қайтыс болды.

31 қазандағы мәлімет бойынша, 46 875 адам коронавирус инфекциясынан (–41 146 + және 5 729 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 287 пациент стационарда, 38 588 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетке шалдыққандар арасында 599 адамның жағдайы ауыр, 152 пациент хәл үстінде жатыр, 99 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0