Зымыран кешендері күрделі жөндеуден және жаңғыртудан өткен. Сынақтар күндіз де, түнде де жүргізілді.
Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетовтің айтуынша, техника сынақтан кейін әскери бөлімдерге жөнелтіліп, мемлекеттің әуе шекарасын қорғау үшін әскери кезекшілікке кіріседі.
Оқ ату жаттығулары қалай өткенін видеодан көріңіз.
С-300ПС зениттік зымыран кешені әлемдегі ең қуатты әуе қорғанысы жүйелерінің бірі болып саналады. Ол жоғары дәлдіктегі қаруды қолдана отырып, әуе шебін авиацияның бастырмалатқан шабуылдарынан қорғайды.