Видео

"Сарышаған" полигонында зымыран кешендерінен оқ ату сынағы өтті – видео

Жазылу
Қарағанды облысындағы "Сарышаған" полигонында С-300ПС зениттік зымыран кешендерінен оқ атудан қорытынды сынақ өтті

Зымыран кешендері күрделі жөндеуден және жаңғыртудан өткен. Сынақтар күндіз де, түнде де жүргізілді.  

Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетовтің айтуынша, техника сынақтан кейін әскери бөлімдерге жөнелтіліп, мемлекеттің әуе шекарасын қорғау үшін әскери кезекшілікке кіріседі.

Оқ ату жаттығулары қалай өткенін видеодан көріңіз.

С-300ПС зениттік зымыран кешені әлемдегі ең қуатты әуе қорғанысы жүйелерінің бірі болып саналады. Ол жоғары дәлдіктегі қаруды қолдана отырып, әуе шебін авиацияның бастырмалатқан шабуылдарынан қорғайды.

Жаңалықтар
0