Фото

Бәрінен бас тартты: жапон ханшайымы қарапайым жігітке тұрмысқа шықты – фото

Sputnik

Күншығыс елінің тақ мұрагерінің қызы Мако ханшайымның қарадан шыққан жігітпен бас қосу туралы шешімі отбасын емес, отандастарын да есеңгіреткені анық.

Жапон заңы бойынша, халықтан шыққан азаматқа тұрмысқа шығу арқылы ханшайым өзін император үйінің мүшесі деген мәртебеден айырады.

Мако осы дәстүрге қарсы шыққан алғашқы ханшайым. Некеге тұру сән-салтанатсыз, ауқымды той-думансыз өтті.

Жас жұбайлар – 30 жаста. Олар колледжде оқып жүрген кезінде танысқан.

БАҚ ақпараты бойынша, жақын уақытта олар АҚШ-қа қоныс аударуды жоспарлап отыр. Күйеу жігіт Кэй Комуро заңгерлік білім алғаннан кейін АҚШ-та тұрып жатыр.

Жас ерлі-зайыптылардың суреттерін Sputnik топтамасынан тамашалаңыз.

1 / 10
Жапон ханшайымы Мако дәстүрге қарсы шыққан тұңғыш титулды тұлға атанды. Ол қарапайым жігітке тұрмысқа шығу арқылы император отбасының мүшесі деген атағынан айырылып, енді күйеуінің тегін алатын болды. Суретте: Ханшайым Мако Токиодағы император резиденциясының бағында серуендеп жүр.
2 / 10
Бұрынғы ханшайым Мако өз сүйгені Кэй Момуромен бірге. Екеуі де 30 жаста. Некеге тұру сән-салтанатсыз, ауқымды той-думансыз өтті. Некені тіркегеннен кейін олар баспасөз мәслихатын өткізеді деп жоспарланған болатын. Алайда ерлі-зайыптылар мәлімдеме жасап, журналистерге сұрақтарға жазбаша жауапты таратып берді.
3 / 10
Кэй Комуро мен Мако ханшайымның сөз байласуы туралы 2017 жылы белгілі болды. Олар 2018 жылдың қарашасында үйленуі керек болатын. Бірақ Комуроның қарызына қатысты дау неке қиюды кейінге қалдыруға мәжбүрледі. Суретте: Токиодағы үйлену тойына дейінгі Мако ханшайым.
4 / 10
Жас жұбайлар жақын уақытта АҚШ-қа қоныс аударуды жоспарлап отыр. Күйеу жігіт Кэй Комуро заңгерлік білім алғаннан кейін АҚШ-та тұрып жатыр. Желтоқсанда оның Америкадағы заң компаниясында жұмыс істеу үшін тапсырған адвокат лицензиясына арналған емтихан нәтижесі белгілі болады.
5 / 10
Жоспарланған үйлену тойына жарты жыл қалғанда күйеу жігіттің анасының қарызына қатысты дау шықты. Токиода Мако ханшайым мен Кэй Комуроның үйленуіне қарсылық акциялары өтті.
6 / 10
Үйлену тойы екі жылға кейінге шегеріліп, Кэй Комуро заң факультетіне оқу үшін асығыс АҚШ-қа кетіп қалды. Суретте: бұрынғы ханшайым Мако күйеуі Кэй Комуромен бірге Токиодағы үйлену тойынан кейін баспасөз мәслихатына қатысуда.
7 / 10
Тақ мұрагері ханзада Акисиноның өз қызының таңдауын қолдайтыны туралы ресми мәлімдемесіне қарамастан, БАҚ-та оның бұл некеге қарсы екені жиі жазылды. Суретте: жапон әйел бұрынғы ханшайым Мако күйеуі Кэй Комуромен бірге үйлену тойынан кейін өткізген баспасөз мәслихатын көріп тұр.
8 / 10
Кэй Комуро қыркүйек айының соңында Жапонияға араға үш жыл салып қайта оралды. Ол осы кезеңде алғаш рет қалыңдығымен кездесті.
9 / 10
Жапон заңы бойынша қарапайым жігітке тұрмысқа шыққан ханшайым император үйінің мүшесі титулынан айырылады. Мако салтанатты шара мен ауқымды банкеттен ғана емес, император сарайынан кеткен ханшайымға берілетін 1.35 миллион доллардан да бас тартты. Суретте: Мако ханшайым Токиодағы Император сарайында дұға жасауға кетіп барады.
10 / 10
Белгілі болғандай, ханшайым басына түскен жағдайға қатты мазасызданып, посттравматикалық жүйке ауруына шалдыққан. Үйлену тойы туралы мәселеге нүкте қойылуына осы жағдай да әсер етті. Суретте: 130-ға жуық адам бұрынғы ханшайым Мако мен оның сүйіктісі Кэй Комуроның үйленуіне қатысты бейбіт қарсылық акциясына жиналды.