Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Бәрінен бас тартты: жапон ханшайымы қарапайым жігітке тұрмысқа шықты – фото

Жазылу
Күні кеше жапон тағы мұрагерінің қызы Мако қарапайым халықтан шыққан жігітпен отау құрғаны туралы жаңалық әлемді шарлады. Ханшайым таңдауы – өзінің курстасы Кэй Комуро. Алайда ханшайым император отбасының мүшесі деген мәртебеден айырылып қалды

Күншығыс елінің тақ мұрагерінің қызы Мако ханшайымның қарадан шыққан жігітпен бас қосу туралы шешімі отбасын емес, отандастарын да есеңгіреткені анық.

Жапон заңы бойынша, халықтан шыққан азаматқа тұрмысқа шығу арқылы ханшайым өзін император үйінің мүшесі деген мәртебеден айырады.

Мако осы дәстүрге қарсы шыққан алғашқы ханшайым. Некеге тұру сән-салтанатсыз, ауқымды той-думансыз өтті.

Жас жұбайлар – 30 жаста. Олар колледжде оқып жүрген кезінде танысқан.

БАҚ ақпараты бойынша, жақын уақытта олар АҚШ-қа қоныс аударуды жоспарлап отыр. Күйеу жігіт Кэй Комуро заңгерлік білім алғаннан кейін АҚШ-та тұрып жатыр.

Жас ерлі-зайыптылардың суреттерін Sputnik топтамасынан тамашалаңыз.

© HANDOUTЖапон ханшайымы Мако дәстүрге қарсы шыққан тұңғыш титулды тұлға атанды. Ол қарапайым жігітке тұрмысқа шығу арқылы император отбасының мүшесі деген атағынан айырылып, енді күйеуінің тегін алатын болды. Суретте: Ханшайым Мако Токиодағы император резиденциясының бағында серуендеп жүр.
Японская принцесса Мако - Sputnik Қазақстан
1/10
Жапон ханшайымы Мако дәстүрге қарсы шыққан тұңғыш титулды тұлға атанды. Ол қарапайым жігітке тұрмысқа шығу арқылы император отбасының мүшесі деген атағынан айырылып, енді күйеуінің тегін алатын болды. Суретте: Ханшайым Мако Токиодағы император резиденциясының бағында серуендеп жүр.
© AFP 2024 / TOSHIFUMI KITAMURAБұрынғы ханшайым Мако өз сүйгені Кэй Момуромен бірге. Екеуі де 30 жаста. Некеге тұру сән-салтанатсыз, ауқымды той-думансыз өтті. Некені тіркегеннен кейін олар баспасөз мәслихатын өткізеді деп жоспарланған болатын. Алайда ерлі-зайыптылар мәлімдеме жасап, журналистерге сұрақтарға жазбаша жауапты таратып берді.
Бывшая принцесса Мако со своим возлюбленным Кэй Комуро - Sputnik Қазақстан
2/10
Бұрынғы ханшайым Мако өз сүйгені Кэй Момуромен бірге. Екеуі де 30 жаста. Некеге тұру сән-салтанатсыз, ауқымды той-думансыз өтті. Некені тіркегеннен кейін олар баспасөз мәслихатын өткізеді деп жоспарланған болатын. Алайда ерлі-зайыптылар мәлімдеме жасап, журналистерге сұрақтарға жазбаша жауапты таратып берді.
© AFP 2024 / Kazuhiro NogiКэй Комуро мен Мако ханшайымның сөз байласуы туралы 2017 жылы белгілі болды. Олар 2018 жылдың қарашасында үйленуі керек болатын. Бірақ Комуроның қарызына қатысты дау неке қиюды кейінге қалдыруға мәжбүрледі. Суретте: Токиодағы үйлену тойына дейінгі Мако ханшайым.
Принцесса Мако до свадьбы в Токио  - Sputnik Қазақстан
3/10
Кэй Комуро мен Мако ханшайымның сөз байласуы туралы 2017 жылы белгілі болды. Олар 2018 жылдың қарашасында үйленуі керек болатын. Бірақ Комуроның қарызына қатысты дау неке қиюды кейінге қалдыруға мәжбүрледі. Суретте: Токиодағы үйлену тойына дейінгі Мако ханшайым.
© AP Photo / Nicolas Datiche/PoolЖас жұбайлар жақын уақытта АҚШ-қа қоныс аударуды жоспарлап отыр. Күйеу жігіт Кэй Комуро заңгерлік білім алғаннан кейін АҚШ-та тұрып жатыр. Желтоқсанда оның Америкадағы заң компаниясында жұмыс істеу үшін тапсырған адвокат лицензиясына арналған емтихан нәтижесі белгілі болады.
Бывшая принцесса Мако с мужем Кэй Комуро на пресс-конференции после свадьбы в Токио  - Sputnik Қазақстан
4/10
Жас жұбайлар жақын уақытта АҚШ-қа қоныс аударуды жоспарлап отыр. Күйеу жігіт Кэй Комуро заңгерлік білім алғаннан кейін АҚШ-та тұрып жатыр. Желтоқсанда оның Америкадағы заң компаниясында жұмыс істеу үшін тапсырған адвокат лицензиясына арналған емтихан нәтижесі белгілі болады.
© REUTERS / Kim Kyung-HoonЖоспарланған үйлену тойына жарты жыл қалғанда күйеу жігіттің анасының қарызына қатысты дау шықты. Токиода Мако ханшайым мен Кэй Комуроның үйленуіне қарсылық акциялары өтті.
Протесты против свадьбы принцессы Мако и Кэй Комуро в Токио  - Sputnik Қазақстан
5/10
Жоспарланған үйлену тойына жарты жыл қалғанда күйеу жігіттің анасының қарызына қатысты дау шықты. Токиода Мако ханшайым мен Кэй Комуроның үйленуіне қарсылық акциялары өтті.
© AP Photo / Nicolas Datiche/PoolҮйлену тойы екі жылға кейінге шегеріліп, Кэй Комуро заң факультетіне оқу үшін асығыс АҚШ-қа кетіп қалды. Суретте: бұрынғы ханшайым Мако күйеуі Кэй Комуромен бірге Токиодағы үйлену тойынан кейін баспасөз мәслихатына қатысуда.
Бывшая принцесса Мако с мужем Кэй Комуро на пресс-конференции после свадьбы в Токио  - Sputnik Қазақстан
6/10
Үйлену тойы екі жылға кейінге шегеріліп, Кэй Комуро заң факультетіне оқу үшін асығыс АҚШ-қа кетіп қалды. Суретте: бұрынғы ханшайым Мако күйеуі Кэй Комуромен бірге Токиодағы үйлену тойынан кейін баспасөз мәслихатына қатысуда.
© AP Photo / Eugene HoshikoТақ мұрагері ханзада Акисиноның өз қызының таңдауын қолдайтыны туралы ресми мәлімдемесіне қарамастан, БАҚ-та оның бұл некеге қарсы екені жиі жазылды. Суретте: жапон әйел бұрынғы ханшайым Мако күйеуі Кэй Комуромен бірге үйлену тойынан кейін өткізген баспасөз мәслихатын көріп тұр.
Женщина смотрит трансляцию пресс-конференции бывшей принцессы Мако и ее мужа Кэй Комуро в Токио  - Sputnik Қазақстан
7/10
Тақ мұрагері ханзада Акисиноның өз қызының таңдауын қолдайтыны туралы ресми мәлімдемесіне қарамастан, БАҚ-та оның бұл некеге қарсы екені жиі жазылды. Суретте: жапон әйел бұрынғы ханшайым Мако күйеуі Кэй Комуромен бірге үйлену тойынан кейін өткізген баспасөз мәслихатын көріп тұр.
© AFP 2024 / Nicolas Datiche / POOLКэй Комуро қыркүйек айының соңында Жапонияға араға үш жыл салып қайта оралды. Ол осы кезеңде алғаш рет қалыңдығымен кездесті.
Бывшая принцесса Мако с мужем Кэй Комуро на пресс-конференции после свадьбы в Токио  - Sputnik Қазақстан
8/10
Кэй Комуро қыркүйек айының соңында Жапонияға араға үш жыл салып қайта оралды. Ол осы кезеңде алғаш рет қалыңдығымен кездесті.
© AFP 2024 / STRЖапон заңы бойынша қарапайым жігітке тұрмысқа шыққан ханшайым император үйінің мүшесі титулынан айырылады. Мако салтанатты шара мен ауқымды банкеттен ғана емес, император сарайынан кеткен ханшайымға берілетін 1.35 миллион доллардан да бас тартты. Суретте: Мако ханшайым Токиодағы Император сарайында дұға жасауға кетіп барады.
Японская принцесса Мако, старшая дочь наследного принца Акисино, идет к Трех дворцовым святилищам, чтобы помолиться в Императорском дворце в Токио - Sputnik Қазақстан
9/10
Жапон заңы бойынша қарапайым жігітке тұрмысқа шыққан ханшайым император үйінің мүшесі титулынан айырылады. Мако салтанатты шара мен ауқымды банкеттен ғана емес, император сарайынан кеткен ханшайымға берілетін 1.35 миллион доллардан да бас тартты. Суретте: Мако ханшайым Токиодағы Император сарайында дұға жасауға кетіп барады.
© REUTERS / Kim Kyung-HoonБелгілі болғандай, ханшайым басына түскен жағдайға қатты мазасызданып, посттравматикалық жүйке ауруына шалдыққан. Үйлену тойы туралы мәселеге нүкте қойылуына осы жағдай да әсер етті. Суретте: 130-ға жуық адам бұрынғы ханшайым Мако мен оның сүйіктісі Кэй Комуроның үйленуіне қатысты бейбіт қарсылық акциясына жиналды.

Протесты против свадьбы принцессы Мако и Кэй Комуро в Токио  - Sputnik Қазақстан
10/10
Белгілі болғандай, ханшайым басына түскен жағдайға қатты мазасызданып, посттравматикалық жүйке ауруына шалдыққан. Үйлену тойы туралы мәселеге нүкте қойылуына осы жағдай да әсер етті. Суретте: 130-ға жуық адам бұрынғы ханшайым Мако мен оның сүйіктісі Кэй Комуроның үйленуіне қатысты бейбіт қарсылық акциясына жиналды.

Жаңалықтар
0