Өңірлер

Жамбыл облысында дизель отыны құйылған екі резервуар өртенді

Мұнай резервуарларының өртенуіне мұнай өнімдерін айдау кезінде технологиялық процестің бұзылуы себеп болуы мүмкін
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. "Амангелді газ өңдеу зауыты" ЖШС Тараз филиалы аумағында дизель отыны құйылған екі резервуар өртенді. 

Жамбыл облысында дизель отыны құйылған екі резервуар өртенді

Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін Жамбыл ауданына қарасты Аса ауылында болған. Жалпы көлемі 480 текше метр дизель отыны құйылған екі цистерна жанып кетті.

Жамбыл облысында дизель отыны құйылған екі резервуар өртенді

"Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне хабарлама сағат 12:4-те келіп түсті. Өрт орнына департамент басшысы мен жедел тобы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел тобы аттанды. Барлығы 75 қызметкер мен 21 техника, сонымен қатар мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет нысанының жеті адамы мен екі техникасы жұмыс істеді", - деді облыстың төтенше жағдайлар департаменті.

Жалын бір сағат ішінде оқшауланып, сағат 13:17-де толығымен сөндірілді.

"Алдын ала мәлімет бойынша өртке мұнай өнімдерін (дизель отыны) айдау кезіндегі технологиялық процестің бұзылуы себеп болған", - деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД.

Төтенше жағдай салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.