Өңірлер

Жамбыл облысында дизель отыны құйылған екі резервуар өртенді

© Photo : Пресс-служба ДЧС Жамбылской областиВ Жамбылской области произошел пожар на нефтяных резервуарах
В Жамбылской области произошел пожар на нефтяных резервуарах   - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2021
Жазылу
Мұнай резервуарларының өртенуіне мұнай өнімдерін айдау кезінде технологиялық процестің бұзылуы себеп болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. "Амангелді газ өңдеу зауыты" ЖШС Тараз филиалы аумағында дизель отыны құйылған екі резервуар өртенді. 

© Photo : Пресс-служба ДЧС Жамбылской области Жамбыл облысында мұнай резервуарлары өртенді
Жамбыл облысында дизель отыны құйылған екі резервуар өртенді - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2021
Жамбыл облысында мұнай резервуарлары өртенді

Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін Жамбыл ауданына қарасты Аса ауылында болған. Жалпы көлемі 480 текше метр дизель отыны құйылған екі цистерна жанып кетті.

© Photo : Пресс-служба ДЧС Жамбылской области Жамбыл облысында мұнай резервуарлары өртенді
Жамбыл облысында дизель отыны құйылған екі резервуар өртенді - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2021
Жамбыл облысында мұнай резервуарлары өртенді

"Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне хабарлама сағат 12:4-те келіп түсті. Өрт орнына департамент басшысы мен жедел тобы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел тобы аттанды. Барлығы 75 қызметкер мен 21 техника, сонымен қатар мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет нысанының жеті адамы мен екі техникасы жұмыс істеді", - деді облыстың төтенше жағдайлар департаменті.

© Photo : Пресс-служба ДЧС Жамбылской областиВ Жамбылской области горели нефтяные резервуары
Жамбыл облысында мұнай резервуарлары өртенді - Sputnik Қазақстан
1/2
Жамбыл облысында мұнай резервуарлары өртенді
© Photo : Пресс-служба ДЧС Жамбылской областиВ Жамбылской области произошел пожар на нефтяных резервуарах
Жамбыл облысында мұнай резервуарлары өртенді - Sputnik Қазақстан
2/2
Жамбыл облысында мұнай резервуарлары өртенді
1/2
Жамбыл облысында мұнай резервуарлары өртенді
2/2
Жамбыл облысында мұнай резервуарлары өртенді

Жалын бір сағат ішінде оқшауланып, сағат 13:17-де толығымен сөндірілді.

"Алдын ала мәлімет бойынша өртке мұнай өнімдерін (дизель отыны) айдау кезіндегі технологиялық процестің бұзылуы себеп болған", - деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД.

Төтенше жағдай салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтар
0