Елорда тынысы

Елордада сауда орталықтарының бірінде вакциналау пункті жабылды

Қазіргі уақытта халықтың басым бөлігін вакцина алғандықтан, сауда орталықтарындағы пункттің аса қажеттілігі жоқ
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан — Sputnik. Елордадағы "Хан Шатыр" сауда орталығында  коронавирусқа қарсы вакцинациялауға арналған егу пункті жабылады. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, пункт қызметін осы жылдың 1 қарашасында аяқтайды.

"Жазда адамдардың көптеп келуі кезеңінде егу пунктерін қаланың 11 сауда кешеніне орналастырдық. Бұл оң нәтиже берді және біз вакциналаумен халықты барынша қамтыдық. Қазіргі уақытта халықтың басым бөлігін вакцина алғандықтан, сауда орталықтарындағы пункттің аса қажеттілігі жоқ. Бірақ мұндай қажеттілік пайда болған кезде біз әрқашан пунктерді қайтадан ашуға дайынбыз", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Елорданың вакциналау пункттерінде 100 мыңнан астам адам екпе салдырды. Бүгінгі күні қаланың 5 сауда орнында вакциналау пункті бар - 1 қарашаға дейін "Хан Шатыр", "Керуен", "Абу Даби Плаза", "Азия Парк" және "Евразия" сауда үйі.

Жалпы қала бойынша бүгінгі күні вакцинаның бірінші компонентін 444 мыңнан астам азамат алды, 410 мыңнан астам адам толық иммундаудан өтті.

Оқи отырыңыз: