Денсаулық

Бір тәулікте 34 адам індеттен көз жұмды

Індетке шалдыққандар арасында 157 пациенттің жағдайы өте ауыр, деп хабарлады министрлік
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирустан 34 адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оның ішінде 10 адам коронавирустық пневмониядан, 24-і коронавирустық инфекциядан қайтыс болды. 

26 қазандағы мәлімет бойынша, 50 548 адам коронавирус инфекциясынан (44 515 коронавирустан және 6 033 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 8 860 пациент стационарда, 41 688 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандардың арасында:

  • 612 адамның жағдайы ауыр,
  • 157 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 102 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Қазақстанда жаңа отандық вакцинаны адамдарға сала бастады

Қазақстанда ковидке қарсы дәрі жасалуы мүмкін: депутат үкіметке хат жолдады