НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирустан 34 адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Оның ішінде 10 адам коронавирустық пневмониядан, 24-і коронавирустық инфекциядан қайтыс болды.
26 қазандағы мәлімет бойынша, 50 548 адам коронавирус инфекциясынан (44 515 коронавирустан және 6 033 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 8 860 пациент стационарда, 41 688 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында:
- 612 адамның жағдайы ауыр,
- 157 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 102 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Оқи отырыңыз:
Қазақстанда жаңа отандық вакцинаны адамдарға сала бастады
Қазақстанда ковидке қарсы дәрі жасалуы мүмкін: депутат үкіметке хат жолдады