Сондықтан 2021 жылдың қазанында қайта қойылған танымал француз кабаресінің жаңғыртылған шоу-бағдарламасына қызығушылық танытқандар көп болды.
Себебі "Мулен Руж" коронавирус салдарынан бір жарым жыл бойы жабық тұрды.
Бүкіл әлемге танымал канкан пайда болған кабаре ғаламшардың түкпір-түкпірінен келген қонақтарды қайтадан қарсы алуда. Париждегі бұл демалыс орны бір ғасырдан астам уақыттан бері француз астанасының сән-салтанатты тіршілігінің символына айналып, туристердің сүйікті орны саналады.
Кабаре сахнасы әлем музыкасында талай дарынның жұлдызы жануына ықпал етті: мұнда Жан Габен алғаш рет өнер көрсетті, Морис Шевалье ән салды, Элла Фитцджеральд пен Эдит Пиафқа тыңдарман қол соқса, Ив Монтана, Шарль Азнавуру, Френк Синатра, Лайза Минелли, Элтон Джон, сондай-ақ Михаил Барышниковтың да өнерін тамашалады.
Ал сұлу бишілердің өнерін залдан тамашалағандар қатарында Оскар Уайльд, Зигмунд Фрейд және Уэльс ханзадасы да бар.
Кабаре залына мыңға жуық қана адам сыятынына қарамастан, пандемияға дейін бұл қойылым билеттері жүздеген еуродан сатылды. Жалпы "Мулен Руж" кеші аншлагсыз өтпейді.