Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

"Мулен Руж" кабаресі: түнгі Париж символы және канкан отаны – фото

Жазылу
1889 жылы Монмартрда алғаш рет көрерменге есік ашқан "Мулен Руж" кабаресі сол шақтан бері үш рет жабылды: 1915 жылы өрттен кейін, Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде және коронавирус пандемиясында

Сондықтан 2021 жылдың қазанында қайта қойылған танымал француз кабаресінің жаңғыртылған шоу-бағдарламасына қызығушылық танытқандар көп болды.

Себебі "Мулен Руж" коронавирус салдарынан бір жарым жыл бойы жабық тұрды.

Бүкіл әлемге танымал канкан пайда болған кабаре ғаламшардың түкпір-түкпірінен келген қонақтарды қайтадан қарсы алуда. Париждегі бұл демалыс орны бір ғасырдан астам уақыттан бері француз астанасының сән-салтанатты тіршілігінің символына айналып, туристердің сүйікті орны саналады.

Кабаре сахнасы әлем музыкасында талай дарынның жұлдызы жануына ықпал етті: мұнда Жан Габен алғаш рет өнер көрсетті, Морис Шевалье ән салды, Элла Фитцджеральд пен Эдит Пиафқа тыңдарман қол соқса, Ив Монтана, Шарль Азнавуру, Френк Синатра, Лайза Минелли, Элтон Джон, сондай-ақ Михаил Барышниковтың да өнерін тамашалады.

Ал сұлу бишілердің өнерін залдан тамашалағандар қатарында Оскар Уайльд, Зигмунд Фрейд және Уэльс ханзадасы да бар.

Кабаре залына мыңға жуық қана адам сыятынына қарамастан, пандемияға дейін бұл қойылым билеттері жүздеген еуродан сатылды. Жалпы "Мулен Руж" кеші аншлагсыз өтпейді.

© AFP 2024 / IntercontinentaleМулен Руж бишілері Париждегі Монмартр жүзім алқабында жеміс теруге қатысып жатыр, 1953 жылдың 2 қазаны
Танцовщицы Мулен Руж во время сбора винограда в Париже  - Sputnik Қазақстан
1/11
Мулен Руж бишілері Париждегі Монмартр жүзім алқабында жеміс теруге қатысып жатыр, 1953 жылдың 2 қазаны
© AFP 2024 / Alain Jocard2020 жылдың сәуірінде Францияда енгізілген карантин кезіндегі Париждегі "Мулен Руж" кабаресі алдындағы көрініс.
Вид на кабаре Мулен Руж в Париже  - Sputnik Қазақстан
2/11
2020 жылдың сәуірінде Францияда енгізілген карантин кезіндегі Париждегі "Мулен Руж" кабаресі алдындағы көрініс.
© AFP 2024 / Christophe Archambault2021 жылдың 8 қыркүйегінде Парижде "Мулен Руж" қойылымының бас дайындығы кезінде бишілер сахнаға шығу сәтін күтіп тұр. Кабаре коронавирус пандемиясы салдарынан 18 айға созылған үзілістен соң алғаш рет көрерменге есік ашты.
Танцовщицы до начала репетиции в кабаре Мулен Руж в Париже  - Sputnik Қазақстан
3/11
2021 жылдың 8 қыркүйегінде Парижде "Мулен Руж" қойылымының бас дайындығы кезінде бишілер сахнаға шығу сәтін күтіп тұр. Кабаре коронавирус пандемиясы салдарынан 18 айға созылған үзілістен соң алғаш рет көрерменге есік ашты.
© AFP 2024 / Miguel Medina"Мулен Руж" кабаресіндегі бишілер бір минутта аяқты көп рет жоғары көтеру бойынша Гиннес кітабы үшін рекорд орнатуға тырысып жатыр.
Танцовщицы кабаре Мулен Руж во время попытки установить рекорд на наибольшее количество махов ногами за 1 минуту  - Sputnik Қазақстан
4/11
"Мулен Руж" кабаресіндегі бишілер бір минутта аяқты көп рет жоғары көтеру бойынша Гиннес кітабы үшін рекорд орнатуға тырысып жатыр.
© AFP 2024 / Miguel MedinaБелгілі "Мулен Руж" кабаресіндегі бишілердің сахнаға шығар алдындағы сәті.
Танцовщицы во время позирования в кабаре Мулен Руж в Париже  - Sputnik Қазақстан
5/11
Белгілі "Мулен Руж" кабаресіндегі бишілердің сахнаға шығар алдындағы сәті.
© AFP 2024 / Justin TallisЛондондағы жұмысшылар париждік танымал "Мулен Руж" кабаресінің бишілерін суретке түсіріп жатыр.
Рабочие фотографируют танцовщиц из парижского кабаре Мулен Руж в Лондоне  - Sputnik Қазақстан
6/11
Лондондағы жұмысшылар париждік танымал "Мулен Руж" кабаресінің бишілерін суретке түсіріп жатыр.
© AFP 2024 / Franck FifeПариждегі шоу алдында "Мулен Руж" кабаресінің бишілері Maison Clairvoy етігін киіп жатыр. Бұл компания 1960 жылдан бері "Мулен Руж" кабаресімен серіктес болып, канкан бишілеріне арнап аяқ киім тігеді.
Танцовщицы во время приготовления к шоу в кабаре Мулен Руж в Париже  - Sputnik Қазақстан
7/11
Париждегі шоу алдында "Мулен Руж" кабаресінің бишілері Maison Clairvoy етігін киіп жатыр. Бұл компания 1960 жылдан бері "Мулен Руж" кабаресімен серіктес болып, канкан бишілеріне арнап аяқ киім тігеді.
© AFP 2024 / Christophe ArchambaultӘйгілі "Мулен Руж" кабаресінің бишілері коронавирус салдарынан болған бір жарым жылдық үзілістен кейін шоуды ашуға дайындалуда
Репетиция в кабаре Мулен Руж в Париже  - Sputnik Қазақстан
8/11
Әйгілі "Мулен Руж" кабаресінің бишілері коронавирус салдарынан болған бір жарым жылдық үзілістен кейін шоуды ашуға дайындалуда
© AFP 2024 / Miguel Medina"Мулен Руж" бишілерінен құралған танымал канкан 30 секундта мейлінше көп рет аяқты жоғары көтеру арқылы Гиннестің рекордтар кітабына енуге әрекет жасады.
Танцовщицы кабаре Мулен Руж во время попытки установить рекорд на наибольшее количество махов ногами за 30 секунд - Sputnik Қазақстан
9/11
"Мулен Руж" бишілерінен құралған танымал канкан 30 секундта мейлінше көп рет аяқты жоғары көтеру арқылы Гиннестің рекордтар кітабына енуге әрекет жасады.
© AP Photo / Natacha PisarenkoПариждегі "Мулен Руж" кабаресінің бишілерінен құралған канкан Рио-де-Жанейродағы карнавалға қатысты.
Танцовщица кабаре Мулен Руж после пресс-конференции в Рио-де-Жанейро  - Sputnik Қазақстан
10/11
Париждегі "Мулен Руж" кабаресінің бишілерінен құралған канкан Рио-де-Жанейродағы карнавалға қатысты.
© AP Photo / Rafael YaghobzadehОсы жылдың қазанында "Мулен Руж" кабаресіне 132 жыл толды.
Танцовщицы кабаре Мулен Руж во время выступления в Париже  - Sputnik Қазақстан
11/11
Осы жылдың қазанында "Мулен Руж" кабаресіне 132 жыл толды.
Жаңалықтар
0