Өңірлер

22 жасында көпбалалы ана атанды: Түркістанда дүниеге үшем келді - фото

Үшем дүниеге келген отбасының ұлы мен қызы бар. Үшемнің денсаулық жағдайы тұрақты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Түркістан облысының 22 жастағы тұрғыны дүниеге үшем әкеліп, көп балалы ана атанды.  

22 жастағы Гулмира Мирзаева № 2 облыстық перинаталдық орталығында үш қыз босанды.

22 жасында көпбалалы ана атанды: Түркістанда дүниеге үшем келді - фото

"Жаңа туған нәрестелерге Фотима, Зухра, Хадиса есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2200 гр, 2310гр, 1980 гр болған", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мерзімінен ерте туылған үшемдер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты, үшемдер перзентханадан шығуға әзір.

22 жасында көпбалалы ана атанды: Түркістанда дүниеге үшем келді - фото

Айта кетері, үшем дүниеге келген отбасының ұлы мен қызы бар. Көпбалалы ана үй шаруасында отырған әйел. Ал, отағасы жеке кәсіпкер. 

Оқи отырыңыз: