Қоғам

Министрлік пен әкімдіктердің сайты істен шықты

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мемлекеттік органдар сайтындағы ақауды растап, қазір порталды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді
Sputnik

АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Техникалық ақауға байланысты Қазақстанда мемлекеттік органдардың сайты істен шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрліктер мен әкімдіктердің gov.kz сервисінде жұмыс істейтін ресми сайттарына кіру мүмкін емес. Сайтқа кірген кезде пайдаланушыға ақ экран бетінде "тілдерді жүктеу" деген жазу шығады. Бұл ақау 22 қазан таңертең пайда болды.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі сайт жұмысындағы олқылықты растады және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

"Қазір мемлекеттік органдадың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы жобасының жұмысындағы олқылықты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Сайттың қашан іске қосылатыны белгісіз, алайда бірнеше сағатта бәрі жаңартылады деп үміттенеміз", - деп мәлімдеді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.

Айта кетері, мемлекеттік органдар сайтында дәл осындай техникалық ақау қыркүйекте де болды.

Оқи отырыңыз: 

Бағдат Мусин eGov.kz Ресейдің қолына өтеді деген ақпаратқа түсініктеме берді

Еңбек министрлігі декреттік жәрдемақыны рәсімдеуге қатысты жаңа мәлімет таратты