АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желі қолданушылары Алматы халықаралық әуежайында түсірілген видео мен фотоларды бөлісіп жатыр.
Ол жерде әуежай көлігінің ұшақ қанатының астына кіріп, кептеліп қалғаны түсірілген. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Ұшу аймағында ұшақ пен көліктердің қозғалысы қатаң түрде бір жолға қойылғанын ескерсек, оқиғаның қалай болғанына қатысты сауалға әзірге жауап жоқ.
Ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаменті төтенше жағдай фактісін растады және қазір қызметкерлер оқиға орнында жұмыс істеп жатқанын айтты. Олар оқиғаға не себеп болғанын анықтайды.
Нақты ақпаратты көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі тексеру аяқталып, факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген соң хабарлайтынын жеткізді.