Өңірлер

Орал әуежайының атауын өзгерту туралы ұсыныс түсті

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАэропорт
Аэропорт  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2021
Жазылу
Әуежай атауын өзгерту туралы ұсыныс Nur Otan партиясы жанындағы "Мирас" қоғамдық кеңесі және облыстық мәслихат депутаттарынан келіп түскен

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан — Sputnik. "Орал" Халықаралық әуежайы" ЖШС атауын  Мәншүк Мәметова атындағы әуежай деп өзгерту жоспарланып отыр. Бұл туралы шешім облыстық мәслихат сессиясында қабылданды.

20 қазанда өткен сессияда тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Ғаниева әуежай атауын өзгерту туралы ұсыныс Nur Otan партиясы жанындағы "Мирас" қоғамдық кеңесі және облыстық мәслихат депутаттарынан келіп түскенін хабарлады.

"Олар әуежай атауын өзгерту туралы ұсыныс жолдады. Әуежайға кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметова есімін беру туралы ұсынысты қолдауды сұраймын", - деп Ғаниеваның сөзін келтірді "Мой город" порталы.

Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Мәншүк Мәметова туралы

Мәншүк Мәметова - Орал облысының (қазіргі Батыс Қазақстан) тумасы, Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ қызы.

Ол Қызыл Армияда пулеметші болды. Мәншүк Мәметова соңғы шайқаста 70-тен астам қарсыластың көзін жойып, 1943 жылдың күзінде қаза тапты. Оған қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0