Өңірлер

Шөкеев Түркістан қаласының атауын өзгертуді ұсынды ма – әкімдік жауабы

2019 жылы маусымда Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта құру туралы жарлыққа қол қойған болатын
Sputnik

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан атауын ауыстыру туралы ұсыныс айтты деген ақпарат тарады.

Желі қолданушылары Түркістан қаласының атауын "Нұрлы қала" деп өзгерту ұсынылғанын жазды. Соған байланысты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ресми жауап беріп, ақпаратты жоққа шығарды.

"Әлеуметтік желіде "Түркістан облысының әкімі Түркістан қаласының атауын ауыстыру туралы ұсыныс айтты" деген жалған ақпарат тарап жатыр. Ресми түрде бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз!", - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ әкімдік жалған ақпарат таратушылар заң жүзінде қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Айта кетері, 2019 жылы маусымда сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта құру туралы жарлыққа қол қойды. Ал облыстың орталығы Түркістан қаласына ауысты.

Өмірзақ Шөкеев 2019 жылдың ақпанында Түркістан облысының әкімі болды.

Оқи отырыңыз: