НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев "Керуен сарай" жаңа туристік кешені құрылысының сапасын сынға алған блогердің сөзіне ашуланды.
"Кейде қайран боласың, кейбір блогерлер кішкентай бала сияқты, бір нәрсені көрсе, оны бірден жан жаққа таратып жебереді, сонымен бірге жұқалап айтқанда, біліксіздігін көрсетіп қояды", - деді Шүкеев сенбідегі баспасөз конференциясында.
Ол "Керуен сарайдың" ұзындығы бір шақырымға жуық екенін айтты.
"Мен мұнда күн сайын жүрдім, ол тұтас темірбетоннан, арматурадан тұрады. Өңірде сейсмикалық қауіп төмен екеніне қарамастан, барлығы артығымен жасалған. Әр түрлі әрлеу материалдары қолданылады. Ол (блогер – Sputnik) сол материалды көріп, тұтас "Керуен сарай" содан салынған деп ұйғарған – ол кәдімгі материал. Егер ол құрылыс саласынан бірдеңе түсінсе, олай жазбас еді", - деп жалғастырды өңір басшысы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әкім жобаны "өз беделін өте жоғары бағалайтын" Sembol компаниясы жүзеге асырғанын айтты.
"Олар мұндай нәрселер үшін жауапкершілікке тартуды талап ете алады, беделге нұқсан келді, әрине, мен оны қаламаймын.
Шын мәнінде бұл пенопласт барлық жерде қабырға материалы ретінде қолданылады. Шымкентте жаңа үйлерде қасбет материалы ретінде қолданылып келеді, мұнда, Түркістанда да салынып жатыр, онда тұрған ештеңе жоқ", - деген Шөкеев пенопласт өте арзан және тиімді материал екенін атап өтті.
"Жалпы алғанда қазіргі заманда барлық затқа пластмасса қолданылады. Міне, сіздер отырған орындық пластмассадан жасалған, қаламсап – пластмасса, микрофон, iPhone-ның корпусы – пластмасса", - деп өңір басшысы мысал келтірілді.
Шөкеевтің пікірінше, бұл жағдайда жоқ нәрседен "түсініксіз хайп" жасалған.
"Бірақ кейде, әрине, мұндай сөздер айтылған кезде жауапкершілік болуы керек. Өйткені біз турист тартқымыз келеді, соған тырысып жатырмыз, шетелдік инвестор өз ақшасын салды, кредит алды, кепілге қойды, жеке кепілдік берді, ал біз осылай ірі компанияның беделіне нұқсан келтіреміз", - деп түйіндеді әкім.
Бұған дейін Шыңғыс Лепсібаев есімді қолданушы "Керуен сарайдың" қаптамасы бүлінген жерін фотоға түсіріп, желіде жариялаған болатын.