Қоғам

Елде тағы 1 683 адам коронавирус жұқтырды

Оңтүстік және батыс өңірлерде індетке шалдыққандар саны аз. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтанда бұл көрсеткіш өзгелерден жоғары
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1683 адамның коронавируспен ауырғаны ПТР арқылы расталды.

Оңтүстік және батыс өңірлерде індетке шалдыққандар саны аз. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтанда бұл көрсеткіш өзгелерден жоғары.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 180,
  • Алматы қаласы - 312,
  • Шымкент қаласы - 40,
  • Ақмола облысы - 129,
  • Ақтөбе облысы - 54,
  • Алматы облысы - 135,
  • Атырау облысы - 41,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 83,
  • Жамбыл облысы - 30,
  • Батыс Қазақстан облысы - 40,
  • Қарағанды облысы - 154,
  • Қостанай облысы - 117,
  • Қызылорда облысы - 31,
  • Маңғыстау облысы - 9,
  • Павлодар облысы - 164,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 139,
  • Түркістан облысы - 25.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 921 216.

Кеше, 19 қазанда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 20 қазаннан бастап карантиндік шектеулер жеңілдейтінін мәлімдеді.

"Жасыл" статусы бар адамдар үшін түнгі клубтардың жұмысы жанданады. Бірақ адам саны 50 проценттен аспауға тиіс:

  • "жасыл" аймақта 100 адамнан;
  • "сары" аймақта – 70 адамнан;
  • "қызыл" аймақта 50 адамнан көп емес.

Бұдан бөлек, ASHYQ жобасына қатысатын бизнес нысандарының жұмыс уақыты ұзартылады:

  • "жасыл" аймақта сағат 03.00-ге дейін, жоба лидерлері үшін – 05.00-ге дейін;
  • "сары" аймақта 01.00-ге дейін, жоба лидерлері үшін – 03.00-ге дейін.