Елорда тынысы

Елордада тұмауға қарсы екпе алу рекордтық көрсеткішке жетті

Тұмауға қарсы екпе алу науқаны 15 қыркүйекте басталды. Нұр-Сұлтанда медицина саласының қызметкерлері, жүкті әйелдер, балалар мен медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері екпе салғызды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан — Sputnik. 160 мың астаналық тұмауға қарсы екпе алды. Осылайша жыл сайынғы тұмауға қарсы вакциналау науқаны жергілікті халықтың осал тобын толықтай қамтыды, деп хабарлады елорда әкімдігі.

"Тұмауға қарсы вакциналаудың арқасында халықтың осал топтары арасында қалыптасқан иммунитет бар. Бұл топқа балалар, жүкті әйелдер, созылмалы ауруы барлар, медицина қызметкерлері, сондай-ақ жабық үлгідегі мекемелер (балалар үйі, мектеп интернаттары, мүгедек балаларға арналған интернаттарғ, қарттар және мүгедектер үйіндегі адамдар) жатады", – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы алғашқы медициналық-санитарлық көмек бөлімінің басшысы Айнұр Төлеуова.

Тұмауға қарсы вакциналау 15 қыркүйекте басталды. Бір ай қорытындысы бойынша 28 мыңнан астам бала, 6 мыңнан астам жүкті әйел, медицина қызметкерлерінің 100%-і тұмауға қарсы екпе алды. Бұл санаттағы адамдарға екпе егу тегін жүргізілді.

Айнұр Төлеуова бұл жолы қала тұрғындары вакцина алу мәселесінде жоғары белсенділік танытқанын айтты. Мамандар мұны пандемия кезінде адамдар өз денсаулығына алаңдай бастағанымен байланыстырып отыр.

Төлеуованың айтуынша, кез келген вакциналау адамдардың асқыну жағдайында ауруханаға түсуін мейлінше азайту үшін қажет.

Тағы оқыңыз: