Әлем

Ресейде коронавирусқа байланысты бір апта демалыс жариялау ұсынылды

Ұсынылған шаралардың ішінде екпе алмаған және 60 жастан асқан қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге көшіру де бар
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Ресей премьер-министрінің орынбасары Татьяна Голикова ел президенті Владимир Путинге коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты бір апта демалыс жариялау туралы ұсыныс жолдады, деп хабарлады RT.

Демалысты сенбі, 30 қазаннан, кей өңірлерде 23 қазаннан бастап келесі жексенбі, 7 қарашаға дейін жариялау ұсынылды.

Ресейде пандемияға байланысты қоғамдық шаралар тоқтатылды

7 қарашадан кейін өңірлерге демалыс күндері жабық тұрған салаларды "асқан сақтықпен" ашу туралы ұсыныс түсті. Сонымен қатар аймақтар жұмыс істемейтін және вакцина алмаған зейнеткерлерді оқшаулануға жіберуді жүзеге асыруы керек.

Голикова баяндаған шаралардың ішінде екпе алмаған және 60 жастан асқан қызметкерлерді бір айға қашықтан жұмыс істеуге көшіру де бар.

Қызметкерлерге вакциналаудан өту үшін екі күн демалыс беру де ұсынылды. Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин өз орынбасарының ұсынысына қолдау білдірді.

Ресейлік танымал әнші коронавирус салдарынан ауыр хәлде жатыр

Голикованың мәліметіне сәйкес, өткен апта қорытындысы бойынша Ресейде мектеп жасындағы балалар мен 60 жастан асқан азаматтар арасында вирус жұқтырғандар көп тіркелген. Ресейде коронавирусқа қарсы иммунитет деңгейі 45%-тен сәл асады.