22:37 24 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.24
  • RUB6.04
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
90 0 0

Продюсер әрі композитор Игорь Крутой әншінің өмірі үшін дұға жасауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Танымал ресейлік әнші Александр Серов бірнеше күннен бері ауруханада жатыр. Ол коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды РИА Новости.

Mash Telegram-арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, Александр Серовтың өкпесінің 50-75 проценті қабынған. Тыныс алу қабілеті нашарлап кеткен.

Ауаның жетіспеушілігінен демікпе пайда болды. Ал гармоналдық терапиядан кейін қант диабеті асқынды. Жүрек-қан тамырларының асқыну қауіпі бар.

Бұған дейін әншінің қызы Мишель әлеуметтік желіде жазба қалдырып, интенсивті емдеу шараларының басталғанын хабарлаған.

Мишель барлық жанкүйерлерге қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.

Александр Серовтың әріптесі, танымал продюсер әрі композитор Игорь Крутой да әншінің өмірі үшін дұға жасауға шақырды.

Айта кетері, Александр Серов 1954 жылы 24 наурызда Украинада дүниеге келген. Бала кезінен музыкаға әуес болды.

Чехословакияда өткен музыкалық конкурста жеңімпаз атанғаннан кейін халық арасында кеңінен танылды. Бір жылдан кейін "Мадонна" альбомы шықты. Серовтың репертуарында "Я люблю тебя до слез", "Ты меня любишь", "Звездопад", "Как быть" және тағы басқа әндер бар.

Оқи отырыңыз:

Тақырып бойынша

Игорь Крутой Шымкентте фестиваль өткізеді
Игорь Крутой Димаштан эстафета қабылдап, Абайдың өлеңін оқыды 
Ресейлік танымал әнші жол апатына ұшырады
Ауруханада жатқан ресейлік әнші қайтыс болды
Кілт сөздер:
әнші, коронавирус, ресейлік
Загрузка...

Басты тақырып