Оқиға

Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апатынан мотоциклші көз жұмды – фото

Қайғылы оқиға елорданың оң жағалауында, Абылай хан даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты.

Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апатынан мотоциклші көз жұмды – фото

Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, жол апаты 17 қазан сағат 16.54-те болды.

"Абылай хан даңғылымен келе жатқан Daewoo Nexıa автокөлігі Жансүгіров көшесімен қиылыста мотооциклмен соқтығысты. Салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге мұқият болуды және жол қозғалысы ережелерін сақтауды ескертті.

Оқи отырыңыз: