Өңірлер

"Үлкен проблема": министрлік Каспийде түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді

Экология министрлігі видео солтүстік-шығыс Каспий маңындағы ойпатта түсірілген деген болжам жасады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан — Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі түбі көрініп тұрған Каспий түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді.

Министрлік теңіз деңгейі 1,4 метрге төмендегенін және төмендеу жалғасып жатқанын атап өтті,  деп хабарлайды Lada.kz.

Әлеуметтік желі қолданушылары Каспийдің таязданып қалған видеосын бөлісуде. Кадрдан балықшылар қайығы тұрған суда теңіздің түбі көрінетінін байқауға болады.

Ведомство видео солтүстік-шығыс Каспий маңындағы ойпатта түсірілген деген болжам жасады.

"Бұл ауданда теңіз түбінің көлбеуі аз және тереңдігі төмен. 2005 жылы Каспий теңізінің деңгейі төмендеп барады. Және бұл процесс жалғаса береді. Каспийдің су деңгейі төмен солтүстік-шығыс бөлігі ең көп зардап шекті. Теңіз кері кетіп, орнында батпақ қалды. Видеода оның бір кезде Каспий теңізінің түбі болғаны көрінеді. Теңіз таязданып барады, бұл үлкен проблема", - деді ведомстводағылар.

Сонымен қатар министрлік "Қазгидромет" теңіз бұдан да таязданатыны туралы болжам жасағанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: