Өңірлер

Археолог Каспийден екі ғасырлық тарихы бар зат тауып алды

© Sputnik / Ксения ВоронинаКаспий теңізі
Каспий теңізі - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2021
Жазылу
Археологтың мәліметінше, кеме ХVIII ғасырдың аяғында Каспий теңізінде қираған

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Танымал археолог Андрей Астафьев Каспий теңізінде 200 жылдан астам уақыт бұрын болған кеменің бұрандалары мен шегелерін тапты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ескі кеменің қалдықтары Түлкілі сай елді мекеніндегі Түрқараған ауданында теңіз түбінде бұғып жатқан.

"Әлемдік деңгейдегі жаңалық": археологтар Елеке сазы қорғанынан алтын бұйымдар тапты

Археологтың мәліметінше, кеме ХVIII ғасырдың аяғында Каспий теңізінде қираған. Кеменің ағаш бөлшектері су бетінде қалқып, уақыт өте келе жойылған болса, темір жабдықтары су түбіне шөккен. Жылдар өткен соң, су деңгейі өзгеруіне байланысты бұл жәдігер құрғақ жағалауда қалып қойған.

Андрей Астафьев бұл олжаны Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына тапсырды.

Қазақ тарихшысы таңғаларлық мәлімдеме жасады

Бұл археологтың музейге тарту еткен жалғыз жәдігері емес. Қарақабақ қаласында өткен археологиялық қазба жұмыстары кезінде ол үңгірден арқан мен ілмек тауып алған. Бұл суға кеткен сол кеменің жабдықтары болар деген болжам бар. Кеме бірнеше ғасыр бұрын салынғанына қарамастан, бұл бөлшектер құрғақта қалып қойғандықтан жақсы сақталған.

Жаңалықтар
0