Өңірлер

Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйі Алматы меншігіне қайтарылды

​ХХ ғасырдың басында салынған мұражай ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген
Sputnik

АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі Алматының меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйі Алматы меншігіне қайтарылды

Жұмыс сапары барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Байтұрсынұлының мұражай-үйіне барды. Ол ғимаратты қоғамдық қордан коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылданғанын айтты.

"Келер жылы көрнекті ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толады. Мерейтойға дайындық барысында қоғам қайраткері тұрған мұражай-үйді қала меншігіне қайтардық. Оның мұрасы мәңгілік сақталады", - деп жазды Сағынтаев Twitter парақшасында.

​ХХ ғасырдың басында салынған мұражай ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Ғимараттың жалпы ауданы – 160 шаршы метр.

Мұражай 1993 жылы құрылды және 1998 жылы ресми түрде ашылды. Мұражайда Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы 500-ге жуық материал сақталған.