Денсаулық

Маман диабеттің жасырын үш белгісі туралы айтты

Терінің қышуы және көгерген жердің ұзақ жазылуы диабеттің белгісі болуы мүмкін, дейді мамандар
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан — Sputnik. Көптеген адамдар диабеттің жасырын белгісінен қауіп тобына енетінін білмеуі де мүмкін. 

Дененің әр бөлігіндегі шаншу қан құрамында қанттың көбеюінің алғашқы белгілерінің бірі. Бұл глюкозаның жүйке талшықтарына әсер етуінен болады, деп жазды MK.ru Express басылымына сілтеме жасап.

Сонымен қатар терінің қышуы және көгерген жердің ұзақ жазылуы да диабеттің белгісі болуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, диабеттің белгілері өте көп. Кейбір белгілер айқын емес.

"Егер осы белгілердің бірін байқасаңыз ақуыз бен жапырақты көкөністерден тұратын көмірсулары аз диетаға отырып көріңіз. Рационнан тәтті тағамдарды алып тастап, күніне 2 литр су ішуге тырысыңыз. Егер мәселе көмірсуларда болса  бұл белгілер бірнеше күнде жоғалуға тиіс", - дейді дәрігерлер.

Мамандар ағзадағы сәл ауытқу диабет белгілеріне ұқсағанымен оның нақ өзі бола бермейтінін атап өтті. Ол жай ғана дұрыс тамақтанбаудың, оның ішінде көмірсуларды көп мөлшерде тұтынудың салдары болуы ықтимал.

Ал денедегі шаншу қан айналымның бұзылуынан да болады. Дегенмен, мамандар қан сараптамасын жасатып, дәрігерге жүгінуге кеңес береді.

Диабет асқынған жағдайда жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсультке әкеліп соғады. Ал кейбір түрі онкология тудыруы мүмкін.  

Оқи отырыңыз: