Экономика

Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті

Ұлттық жобалардың басым міндеттері - экономика тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі күшейту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Үкімет мемлекеттік органдар әзірлеген ұлттық даму жобаларын қарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент ұлттық жобаларды 24 қыркүйекте Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңесте мақұлдаған болатын.

"Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшу туралы тапсырма берді. Ұлттық жобалар Жалпыұлттық басымдықтарды, Ұлттық даму жоспарын және Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру үшін әзірленді", - деді премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында.

Ұлттық жобалардың басым міндеттері - экономика тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі күшейту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.

Маминнің айтуынша, ұлттық жобаларды бюджет қаражаты мен жеке инвестиция есебінен қаржыландыру көзделген.

Үкімет бекіткен ұлттық жобалар:

  • Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу;
  • Кәсіпкерлікті дамыту;
  • Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері;
  • 2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба;
  • Жасыл Қазақстан;
  • Цифрландыру, инновациялар және ғылым есебінен технологиялық серпіліс;
  • "Білімді ұлт" сапалы білім беру;
  • "Саламатты ұлт" әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау;
  • Ұлттық рухани жаңғыру.

Оқи отырыңыз: 

Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға шала жұмыстар кесірін тигізбеу керек – президент

"Халықтың табысы 41,8%-ке өседі": облысты дамыту жоспары бекітілді

Күзде теңге бағамы қалай өзгереді – сарапшылар пікір білдірді