НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Үкімет мемлекеттік органдар әзірлеген ұлттық даму жобаларын қарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент ұлттық жобаларды 24 қыркүйекте Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңесте мақұлдаған болатын.
"Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшу туралы тапсырма берді. Ұлттық жобалар Жалпыұлттық басымдықтарды, Ұлттық даму жоспарын және Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру үшін әзірленді", - деді премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында.
Ұлттық жобалардың басым міндеттері - экономика тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі күшейту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.
Маминнің айтуынша, ұлттық жобаларды бюджет қаражаты мен жеке инвестиция есебінен қаржыландыру көзделген.
Үкімет бекіткен ұлттық жобалар:
- Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу;
- Кәсіпкерлікті дамыту;
- Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері;
- 2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба;
- Жасыл Қазақстан;
- Цифрландыру, инновациялар және ғылым есебінен технологиялық серпіліс;
- "Білімді ұлт" сапалы білім беру;
- "Саламатты ұлт" әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау;
- Ұлттық рухани жаңғыру.
Оқи отырыңыз:
Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға шала жұмыстар кесірін тигізбеу керек – президент
"Халықтың табысы 41,8%-ке өседі": облысты дамыту жоспары бекітілді
Күзде теңге бағамы қалай өзгереді – сарапшылар пікір білдірді