Спорт

UFC-да өнер көрсететін жалғыз қазақстандық спортшы рекордтық гонорар алды – видео

Бұдан бөлек, спортшыға үздік өнер көрсеткені үшін 50 000 доллар көлеміндегі бонус табысталады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Павлодар қаласының тумасы Мария Агапова "колумбиялық ханшайымды" жеңіп, UFC-ға келгелі бері рекордық гонорарды жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 194 турнирі аясында Мария Агапова (10−2) колумбиялық Сабина Мазомен (9−3) кездесті. Жекпе-жектің 53-секундына ол қарсыласын нокдаунға түсіріп, тұншықтыру әдісімен жеңіп кетті.

Осы турнирде Агапова рекордтық гонорарға ие болды. 20 000 доллар кепілдендірілген гонорар болса, тағы 20 000 доллар жеңіс үшін беріліп отыр.

Бұдан бөлек, оған үздік өнер көрсеткені үшін 50 000 доллар көлеміндегі бонус табысталады. Демеушілердің ақшалай сыйлығы тағы бар. Оның мөлшері - 4 000 доллар. Осылайша, Агапова 94 000 доллар ұтып алды.

Айта кетері, қазақстандық спортшы негізгі картта өнер көрсетті.

Жекпе-жектен кейінгі сұхбатта Агапова турнирдің алдында қаржылай қиындыққа тап болғанын айтты.

Бірақ достардың арқасында бәрі ойдағыдай шешілді. Спортшы бапкерлер мен жолдастарына өз алғысын білдірді.

Ал келесі жекпе-жекте Морозбен жұдырықтасуды қалайтынын мәлімдеді.

"Марина Морозды жекпе-жекке шақырғым келіп отыр. Себебі ол өз сұхбаттарында мен туралы неше түрлі нәрсені айтады. Бірақ маған басқа қарсыласты дайындап қойғаныңыз дұрыс. Өйткен ол менімен төбелесуге қорқады", - деді Агапова.

Оқи отырыңыз: