НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Орта салмақтағы WBO International тұжырымының чемпионы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) жақын арада рингке оралуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
View this post on Instagram
"Құрметті жанкүйерлерім, біз жекпе-жекке қызу дайындалып жатырмыз. Жақында жақсы жаңалықты бөлісеміз. Сіздерге Түрік елінен жалынды сәлем!", - деп жазды Ислам.
Айта кетері, Қанат Исламның соңғы жекпе-жегі ақпан айында АҚШ-тың Флорида штатында өтті. Ол кезде қазақ боксшысы Эквадор елінің өкілі Джейсон Миндуны (14-4-1, 8 КО) жетінші раундта нокаутпен жеңді.
37 жастағы Қанат Ислам осы уақытқа дейін 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 2019 жылы қазан айында ол Уолтер Каутондокваға қарсы жекпе-жекте WBO International тұжырымы бойынша чемпиондық атағын қорғап қалды.