Қоғам

2022 жылдың демалыс күндері ауыстырылды

Премьер-министрдің қаулысына сәйкес, сенбі күнгі екі демалыс дүйсенбіге ауыстырылып отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Үкімет 2022 жылдың демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаулыға премьер-министр Асқар Мамин қол қойды.

Соған сәйкес, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында сенбі күнгі екі демалыс дүйсенбіге ауыстырылып отыр.

Атап айтқанда:

  • 5 наурыздағы сенбіден 7 наурыздағы дүйсенбіге;
  • 27 тамыздағы сенбіден 2022 жылғы 29 тамыздағы дүйсенбіге ауыстырылды.

Сенбі күнгі демалыс ауыстырылғаннан кейін қазақстандықтар 8 наурыз және 30 тамыздағы мерекелік даталармен бірге екі күн қатарынан демалады.

Қаулы ресми түрде жарияланған он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Оқи отырыңыз: