НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Үкімет 2022 жылдың демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қаулыға премьер-министр Асқар Мамин қол қойды.
Соған сәйкес, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында сенбі күнгі екі демалыс дүйсенбіге ауыстырылып отыр.
Атап айтқанда:
- 5 наурыздағы сенбіден 7 наурыздағы дүйсенбіге;
- 27 тамыздағы сенбіден 2022 жылғы 29 тамыздағы дүйсенбіге ауыстырылды.
Сенбі күнгі демалыс ауыстырылғаннан кейін қазақстандықтар 8 наурыз және 30 тамыздағы мерекелік даталармен бірге екі күн қатарынан демалады.
Қаулы ресми түрде жарияланған он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.