НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан — Sputnik. Еуропадағы фьючерстік газ нарығында бір айдан астам уақыттан бері дүрбелең сақталып отыр. Тамыздың басында отынның мың текше метрінің бағасы еуропалық ТТҒ хабының индексі бойынша 515 доллар шегінде болды. Ал бір айдан кейін ол 614 долларға жетті.
Одан кейін де фьючерстер тек қымбаттай берді де, тарихи рекордқа жетті: 6 қазанда газдың мың текше метрі 1937 доллар тарихи рекордқа жетті. Осыдан кейін газ нарығында дәл осындай құлдырау басталды: 7 қазанда баға көрсеткіші 1000 доллардан төмендеді.
Игорь Юшковтың айтуынша, фьючерлік нарық өзіне тікелей қатысы жоқ түрлі оқиғаларға қарай өзгере береді. Ол энергетика нарығы тарихына енген 6 қазандағы сауда мысалы арқылы фьючерстердің жаңалықтарға тәуелділігін түсіндірді.
"Біз бір күннің ішінде бағаның 1900 долларға дейін қымбаттап, қайтадан 600 доллар деңгейін түскенін көрдік. Алайда сұраныс пен ұсыныс бойынша қарастырсақ, шынайы газ нарығында ештеңе өзгерген жоқ. Еуропа осы уақытқа дейін қанша газ тұтынса, сол көлемді әлі де тұтынып отыр. Жеткізу де сол деңгейде қалып отыр, - дейді сарапшы. – Бірақ "Солтүстік ағын – 2" газ құбырының әлі де қосылмағаны мен көмір бағасының шарықтауына қатысты реакция болды".
Юшковтың айтуынша, көмірдің қымбаттауы белгілі жағдай еді. Себебі газ қымбатаған соң, компаниялар басқа энергия көзіне көшуге тырысады. Сондықтан Еуропа көмірді көптеп тұтына бастады.
"Ал сұраныстың күрт өсуі бағаның тым қымбаттауына себепші болды", - дейді сарапшы.
Игорь Юшков 6 қазанда Владимир Путин өткізген энергетика дамуы жөніндегі отырыс та жаңалықтың фьючерстерге әсер етуіне мысал болатынын айтты.
"Бұл жағымды жаңалық болды. Путин егер "Газпромның" қосымша экспортқа мүмкіндігі болса ешкімге жайсыздық тудырмауға болатынын айтты, - дейді Юшков. – Бұл Еуропаға газ жеткізуді ұлғайту мүмкіндігі ретінде қабылданды. Дәл осы сигнал отын бағасының арзандауы сигнал болды".
Жеткізулерді арттыру расында да Еуропадағы газ бағасын арзандатуға себеп болуы мүмкін. Себебі бәсекелестік жағдайында компаниялар бағаны төмендетеді. Бірақ тым жоғары баға сұранысқа кері әсер ететіндіктен, Ресей үшін нарықты тұрақтандырудың маңызы зор, дейді Игорь Юшков.
"Тұтынушы компаниялардың мұндай қымбат газ алуға шамасы жоқ, - дейді ол. – Мысалы, азот тыңайтқыштарын өндірушілер оны газдан дайындайды. Бірқатар компания зауыттарды тоқтатып қойды. Себебі жұмсалған шығын есебімен тыңайтқышты өз бағасымен сату мүмкін болмайды. Жылыжайды газбен жылытқан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер де жұмысты тоқтатты".
Юшков газ нарығындағы баға өсуін трейдерлер әрекетімен де түсініруге болатынын айтты.
"Олар газдың фьючерстік келісімшарттарын жаппай сатып ала бастаған болуы мүмкін. Олар "қазірдің өзінде Еуропа энергетикасында дағдарыс байқалса, жылыту маусымы басталған шақты тіпті ушығады" деген ойды басшылыққа алған. Сондықтан баға өсті", - деп санайды ол.
Қазандағы жағдайдан кейін Еуроодақтағы бес мемлекеттің (Франция, Испания, Чехия, Румыния мен Греция) экономика және қаржы министрлері бірлескен мәлімдемеге қол қойып, энергетикалық дағдарыс себептеріне тексеріс жүргізуді ұсынды.
"Еуропа тексеріс жүргізіп, кінәлілерді сырттан іздеудің орнына өз саясаты мен компанияларына зер салғаны дұрыс, - дейді Юшков. - Неге дағдарыс болды? Еуропа алдыңғы жылыту маусымынан газ қоймаларын түгел дерлік босатқан қалыпта шықты".
Сарапшы өткен жылғы ауа райына байланысты қоймалардағы газ көлемі қысқарды деп санайды. "Қыс аязды болды, одан соң ыстық жаз келді де, ауаны желдету үшін көп энергия қажет болды", - дейді ол.
Юшковтың айтуынша, газ компаниялары нарықтағы бағаның өсіп жатқанына байланысты шығынның орнын толтырғысы келмеді.
"Әрбір компания бұл уақытша құбылыс деп ойлап, 400 доллардан сатып алуға асықпады. Олар қыста баға арзандайды деп күтті. Алайда газ бағасы 500 долларға жеткенде де баға төмендейді деп күтті. Бірақ баға 600, 700, 800 долларға дейін қымбаттай берді де, міне қазан айы да келіп жетті", - дейді сарапшы.
Игорь Юшковтың пікірінше, жергілікті газ жабдықтаушыларының проблемалары да дағдайысқа себепші болды. "Норвегия төртінші жыл қатарынан газ өндіру көлемін қысқартып келеді. Ал Алжирде ішкі тұтыну артып жатыр. Сондықтан ол газды аз көлемде экспорттап жатыр", - деді ол.
Сұхбаттың толық нұсқасын "Sputnik на русском" YouTube-арнасынан көре аласыздар.