НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан — Sputnik. Ақтауда жанармай құю бекетінің маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды өңірлік Lada.kz сайты.
Сегізінші ықшам ауданындағы "Qazaq Oil" жанармай құю бекетінің артында жатқан ер адамның денесі туралы хабарлама полицияға бесінші қазан сағат 09:29-да түскен.
Оқиға орнына тергеу-жедел тобы жетеді. Қайтыс болған адамның денесінен зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ.
Сот-медицина сараптамасы белгіленді. Ер адамның кім екені әлі анықталмады.
Оқи отырыңыз: Үлкен Алматы арнасынан әйел мәйіті табылды – күдікті ұсталды