Оқиға

Ақтауда жанармай құю бекетінің маңынан ер адамның мәйіті табылды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуЧеловек кладет на место "пистолет" автозаправочной станции
Человек кладет на место пистолет автозаправочной станции  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2021
Жазылу
Маңғыстау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәйітте зорлық-зомбылық іздері жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан — Sputnik. Ақтауда жанармай құю бекетінің маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды өңірлік Lada.kz сайты.

Сегізінші ықшам ауданындағы "Qazaq Oil" жанармай құю бекетінің артында жатқан ер адамның денесі туралы хабарлама полицияға бесінші қазан сағат 09:29-да түскен.

© Photo : lada.kzАқтауда жанармай құю бекетінің маңынан ер адамның мәйіті табылды
Ақтауда жанармай құю бекетінің маңынан ер адамның мәйіті табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2021
Ақтауда жанармай құю бекетінің маңынан ер адамның мәйіті табылды

Оқиға орнына тергеу-жедел тобы жетеді. Қайтыс болған адамның денесінен зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ.

Сот-медицина сараптамасы белгіленді. Ер адамның кім екені әлі анықталмады.

Оқи отырыңыз: Үлкен Алматы арнасынан әйел мәйіті табылды – күдікті ұсталды

Жаңалықтар
0