Елорда тынысы

Вакцина салдырғаннан кейін пәтер ұтып алған әйел: сене алар емеспін

Елордалық әйел күтпеген жерден жаңа екі бөлмелі пәтердің иесі атанды. Вакцина салдырғандар арасында құнды сыйлықтардың ұтыс ойыны  жалғасады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан тұрғыны Әсемгүл Ысқақова Sputnik Қазақстанға вакцина салдырғандар арасында ойнатылған екі бөлмелі пәтерді ұтып алғанын естігенде қандай сезімде болғанын айтты.  

Вакцина салдырғаннан кейін пәтер ұтып алған әйел: сене алар емеспін

Әсемгүл Ысқақова – үш баланың анасы, жасы 46-да. Ол елорда әуежайында тексеру қызметінің инспекторы болып істейді, оның міндеті  – әуе жолаушыларын тексеру.

Әйел жазда №7 қалалық емханада коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын салдырған.

"Тәтем қоңырау шалып, "Хабар" телеарнасында тікелей эфир өткенін, менің аты-жөнім шыққанын айтты. Мен бірден сенген жоқпын. Әлі де сене алар емеспін. Сондықтан шығар, әзірге ерекше қуаныш сезімі жоқ", - дейді әйел.

Ысқақова ұтыс жайлы ештеңе білмеген. Вакцинаны өз еркімен салдырыпты.

Әсемгүлдің күйеуі – әскери қызметкер. Ерлі-зайыпты астанаға 2010 жылы Щучьеден көшіп келген.

Вакцина салдырғаннан кейін пәтер ұтып алған әйел: сене алар емеспін

"Отбасымыз қарапайым. Кіші қызым мектепте оқиды. Бұл пәтер біздің алғашқы баспанамыз десек те болады. Өйткені бұған дейін мұндай жылжымайтын мүлкіміз болған емес", - деді ұтыс жеңімпазы.

Нұр-Сұлтанда екі бөлмелі пәтер "Хабар" телеарнасының тікелей эфирінде ойнатылды. Ұтысқа 25 маусым мен 28 қыркүйек аралығында астанада вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатысты.

Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында вакцина салдырған тұрғынға екі бөлмелі пәтер берілді

Бас жүлде – Көктал тұрғын үй алабында орналасқан "Рио-де-Жанейро" тұрғын үй кешеніндегі жаңа пәтер. Бұған қоса, вакцина алғандар арасында iPhone12, тоңазытқыштар, теледидарлар мен басқа да құнды сыйлықтар ойнатылды.

Вакцина салдырғандар арасында бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны жалғасады.