Денсаулық

Бір тәулікте қанша адам коронавирустан көз жұмды

Індет жұқтырғандар арасында екі жүзден астам науқастың жағдайы өте ауыр, деп хабарлады министрлік
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Бір тәулікте коронавирустан 39 адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оның ішінде 6 адам коронавирус белгісі бар пневмониядан, 33 адам коронавирустық инфекциядан қайтыс болды. 

7 қазандағы мәлімет бойынша, 55 956 адам коронавирус инфекциясынан (48 352 коронавирустан және 7 604 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 9 562 пациент стационарда, 46 394 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандардың арасында:

  • 747 адамның жағдайы ауыр,
  • 206 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 124 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Оқу жылы басталғалы қанша оқушы коронавирус жұқтырды

Денсаулық министрі Pfizer Қазақстанға қашан жеткізілетінін айтты

Қытай жаңа "Х вирусы" пайда болатынын айтты