Денсаулық

Оқу жылы басталғалы қанша оқушы коронавирус жұқтырды

© Sputnik / Айгюзель Кадирсынып
сынып - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2021
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі осы уақытқа дейін мыңдаған сынып карантинге жабылғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі карантинге жабылған мектептер мен сыныптардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, осы уақытқа дейін мыңдаған мектеп карантинге жабылып отыр.

"Бүгінге дейін шамамен 7 мың сынып карантинге жабылған болатын. Бірақ сыныптар карантинге 14 күнге жабылады. Ал мектептерге келер болсақ, қазіргі кезде республика бойынша 3 мыңға жуық мектеп карантинге жабылды", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Ал денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус жұқтырған оқушылардың санын жариялады. Оның айтуынша, мектеп оқушылары арасында ковид жұқтырған 9 185 адам анықталды. Ал олармен жақын араласқан 102 мың адамның ішінен тағы 624 оң нәтиже шыққан.

Айта кетері, 8 қыркүйекте өткен онлайн брифингте санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова республика бойынша 241 сыныптың карантинге кеткені туралы айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, карантинге кеткен сыныптарға білім онлайн форматта беріледі. 

Карантинге жіберілген сыныптар 14 күннен кейін қайтадан офлайн форматқа ауыстырылады. Бірақ оған дейін барлығы ПТР-тест тапсыруы шарт.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0