НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Ресей Украина арқылы Еуропаға газ транзиті бойынша келісімшартта көрсетілген барлық міндеттемені толық орындауы керек. Бұл туралы Владимир Путин энергетика жөніндегі кеңесте мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.
"Біріншіден, ешкімді қиын жағдайға қалдырудың қажеті жоқ. Бүгінгі күні ресей-украин қарым-қатынасына байланысты түрлі ахуалға қарамастан, Украина үшін де қолайсыздық тудырудың қажеті жоқ. Екіншіден, барлық қырынан алғанда мінсіз сенімді серіктес ретінде "Газпромға" деген сенімге селкеу түсіру қажет емес", - деді Ресей президенті.
Ол міндеттемелердің орындалуын қадағалауды энергетика министрі Николай Шульгиновке тапсырды.
Путиннің айтуынша, "Газпромдағылар" транзит көлемінің төмендегені үшін Украинаға айыппұл төлеп, осы елдің аумағынан өтпейтін жаңа газ құбыры жүйелері бойынша газ айдауды арттыру әлдеқайда тиімді деген тұжырымға келгенін айтты.
"Бірақ мен бұлай жасамауды сұраймын. Транзит бойынша келісімшарт міндеттемелерін толық сақтау керек", - деді РФ президенті.
Жиын кезінде Путин Еуропаға жаңа құбырлар арқылы газ жеткізу атмосфераға СО2 шығуын 5,6 есе төмендетуге мүмкіндік беретінін айтты. Бұл заманауи жабдықты қолдану және шикізатты әлдеқайда жоғары қысымда айдаудың мүмкіндігі есебінен болып отыр.
Путиннің айтуынша, Украинаның газ тасымалдау жүйесі арқылы транзитті арттыру мүмкін болғанымен, бұл "Газпром" үшін қосымша шығын алып келеді. Ал жаңа инфрақұрылымды қолдану жылына үш миллиард доллар үнемдеуге мүмкіндік берер еді.
"Газ айдауда жаңа жабдықтар мен жаңа құбырлар қолданылып жатқандықтан, қысымды арттыруға болады. Ал мұны Украинаның газ тасымалдау жүйесі арқылы орындау мүмкін емес. Себебі оған ондаған жыл бойы жөндеу жүргізілмеген. Сондықтан кез келген уақытта бірдеңе жарылып, апатты жағдай болуы мүмкін", - деді ол.
Путиннің қатысуымен өткен жиында "Интер РАО" басқарма төрағасы Борис Ковальчук "жыл қорытындысы бойынша Германияда көмір өндіру энеррия теңгерімінің 27 процентін, ал Ресейде 13 процентін құрауына" қатысты көміртек бейтараптылығы туралы мәселені көтерді.
"Сіз көміртек бейтараптылығы үшен қалай күресуге болатыны туралы дұрыс мәселе көтердіңіз. Оның үстіне, қазіргі жағдайда Еуропада, атап айтсақ, Германияда көмір генерациясы бойынша энергия теңгерімі Ресейдегіден артық екені байқалады. Бұл мүмкін екен. Еуропалықтар мұны орындап жатыр және басқалардың есебінен, қазіргі жағдайда біздің, яғни Рессейдің есебінен орындап жатыр", - деді Путин.
Ол әлемдік энергетика нарығындағы барлық тараптың мүддесін есепке ала отырып, бұл мәселе әлі де талқыланады деген үмітімен бөлісті.
"Мұның барлығы, әрине, маңызды факторлар. Бірақ алып-сатарлық факторларда да бағаны қымбаттатанын айтқым келеді. Сондықтан биржаға қатысушыларға қатысты тексеру жүргізбесе болмайды. Себебі қазіргі баға дәл бүгінгі ахуалды сипаттап тұрған жоқ", - деп қорытты Новак.
Путин өз кезегінде алып-сатарлық сұраныс пен ажиотажды бәсеңдету үшін Ресей газ ұсынысын арттыра алатынын атап өтті. Бірақ мұны Еуропадағы споттық нарықта емес, Санкт-Петербургтегі биржада орындау керек.
"Жалпы газды биржада саудалау аса тиімді емес, оның көп сын-қатері бар. Бұл кез келген жерде сақтауға болатын киім-кешек, машина, тіпті мұнай да емес. Газ бұлай саудаланбайды, себебі оны сақтау мүмкін емес", - деді РФ президенті.
Ол Ресей өзіне шығын келетіндей деңгейде биржада газ саудаламауы керек екенін айтып, бұл мәселені тағы талқылауды ұсынды.