Өңірлер

Ашуға мінген Батыс Қазақстан тұрғыны күтпеген әрекетке барды

Букмекер кеңсесіне келген ол ашуланып, қызметкерден ақша талап еткен. Ақшаға қол жеткізбеген соң, сыртқа шығып кетті
Sputnik

АЛМАТЫ, 7 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында ер адам жанғыш сұйықтықты пайдаланып, букмекер кеңсесін өртеуге тырысты.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақын жерде болған құқық қорғаушылар қырағылық танытып, оқиғаның алдын алды.

Оқиға Железнодорожная көшесінде болған.

"Букмекер кеңсесіне келуші ашуланып, қызметкерден ақша талап еткен. Оның ақша бере алмайтынын естіген соң, ғимараттан шығып кетті. Артынша тез тұтанатын сұйықтық алып, ғимарат ішіне шашқан", - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қаскүнем ұсталды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: