НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Республикада өткен тәулікте коронавирустан 39 адам, ковидтік пневмониядан 7 адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Жалпы пандемия басталғалы коронавирустан 11 389 адам, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 4 875 қазақстандық көз жұмды.
6 қазандағы мәлімет бойынша, 56 708 адам коронавирус инфекциясынан (–48 968 + және 7 740 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 551 пациент стационарда, 47 157 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
- 748 адамның жағдайы ауыр,
- 202 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 125 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Кеше, 5 қазан бір тәулікте қырыққа жуық адам COVID-19-дан көз жұмған еді.