Қоғам

Қазақстанда тағы 46 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

© AP Photo / Achmad IbrahimАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2021
Жазылу
Стационарда емделіп жатқан 748 науқастың жағдайы ауыр, 125 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Республикада өткен тәулікте коронавирустан 39 адам, ковидтік пневмониядан 7 адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жалпы пандемия басталғалы коронавирустан 11 389 адам, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 4 875 қазақстандық көз жұмды.

6 қазандағы мәлімет бойынша, 56 708 адам коронавирус инфекциясынан (–48 968 + және 7 740 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 551 пациент стационарда, 47 157 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетке шалдыққандар арасында:

  • 748 адамның жағдайы ауыр,
  • 202 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 125 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Кеше, 5 қазан бір тәулікте қырыққа жуық адам COVID-19-дан көз жұмған еді.

Жаңалықтар
0