Статистикаға сәйкес, Қазақстанда бүгінде екі миллионнан астам егде жастағы адам тұрады.
Қазақстанда қарттар күні бүкіл әлемдегідей күздің екінші айының алғашқы күнінде аталады. Яғни, жыл сайын 1 қазанда қазыналы қарттарды мерекемен құттықтау әдетке айналған.
Қарттар күніне 1990 жылы Халықаралық мәртебе берілді. Сол шақта Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы 45/106 резолюциясын қабылдады.
Жалпы, жақында жүргізілген зерттеуге сүйенсек, Қазақстанда да халықтың қартаюы байқалады. Егер 2010 жылы зейнет жасындағы халық деңгейі 9,9%-ті құраса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 11%-ке жеткен.
Қазіргі өмірдің қиындығына қарамастан, алмағайып заманды бастан кешірген біздің қарияларымыздың рухы биік, олар әлі де қайратты әрі жігерлі.
Оқи отырыңыз:
- Диетолог қарттар үшін қауіпті тағамдарды атады
- Немересі қуып шыққан: ақтөбелік полицей далада қалған қарияны өз үйіне кіргізді
- Павлодарда қария ұлының қылмысын естігенде қатты таңғалды