Статистикаға сәйкес, Қазақстанда бүгінде екі миллионнан астам егде жастағы адам тұрады.
Қазақстанда қарттар күні бүкіл әлемдегідей күздің екінші айының алғашқы күнінде аталады. Яғни, жыл сайын 1 қазанда қазыналы қарттарды мерекемен құттықтау әдетке айналған.
Қарттар күніне 1990 жылы Халықаралық мәртебе берілді. Сол шақта Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы 45/106 резолюциясын қабылдады.
Жалпы, жақында жүргізілген зерттеуге сүйенсек, Қазақстанда да халықтың қартаюы байқалады. Егер 2010 жылы зейнет жасындағы халық деңгейі 9,9%-ті құраса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 11%-ке жеткен.
Қазіргі өмірдің қиындығына қарамастан, алмағайып заманды бастан кешірген біздің қарияларымыздың рухы биік, олар әлі де қайратты әрі жігерлі.
Оқи отырыңыз:
- Диетолог қарттар үшін қауіпті тағамдарды атады
- Немересі қуып шыққан: ақтөбелік полицей далада қалған қарияны өз үйіне кіргізді
- Павлодарда қария ұлының қылмысын естігенде қатты таңғалды
© Sputnik / Тимур БатыршинАллаберген Әзімхан - 96 жаста: "Біз үшін ең басты орында – отбасы. Қазір шырқы бұзылған жанұя көп. Ер адамдар ішімдікке салынған, оның зардабын әйелдер және қыз балалар көріп жатыр. Арақ – бұл індет. Аздап ішсең, бітті, соның құрсауында қаласың. Сондықтан өмірде ең бастысы – отбасы екенін әркез есте ұстау керек! Баланың бойында қыз-келіншектерге деген құрметті тәрбиелеу қажет. Себебі әйел – ол ана! Барлығымыз анадан туғанбыз!" .
1/9
© Sputnik / Тимур Батыршин
Аллаберген Әзімхан - 96 жаста: "Біз үшін ең басты орында – отбасы. Қазір шырқы бұзылған жанұя көп. Ер адамдар ішімдікке салынған, оның зардабын әйелдер және қыз балалар көріп жатыр. Арақ – бұл індет. Аздап ішсең, бітті, соның құрсауында қаласың. Сондықтан өмірде ең бастысы – отбасы екенін әркез есте ұстау керек! Баланың бойында қыз-келіншектерге деген құрметті тәрбиелеу қажет. Себебі әйел – ол ана! Барлығымыз анадан туғанбыз!" .
© Sputnik / Тимур БатыршинАльбина – 80 жаста: "Жастарға менің жасыма жету үшін спортпен айналысу қажет екенін айтқым келеді. Жүгіріңіздер, салқын суға шомылыңыздар, өмірді сүйіңіздер, мейлінше игі істер жасап, күліп, бақытты жүруге тырысыңыздар. Сырт келбетіңіз күліп тұрса, ішкі жан дүниеңіз де нұрлана түседі".
2/9
© Sputnik / Тимур Батыршин
Альбина – 80 жаста: "Жастарға менің жасыма жету үшін спортпен айналысу қажет екенін айтқым келеді. Жүгіріңіздер, салқын суға шомылыңыздар, өмірді сүйіңіздер, мейлінше игі істер жасап, күліп, бақытты жүруге тырысыңыздар. Сырт келбетіңіз күліп тұрса, ішкі жан дүниеңіз де нұрлана түседі".
© Sputnik / Тимур БатыршинАнатолий – 76 жаста: "Қарапайым әрі еңбекқор болу керек. Біздің жастар жап-жақсы. Менің айналамда жастар көп. Бұл балаларды алда әлі көп жақсылық күтіп тұр деп сенемін".
3/9
© Sputnik / Тимур Батыршин
Анатолий – 76 жаста: "Қарапайым әрі еңбекқор болу керек. Біздің жастар жап-жақсы. Менің айналамда жастар көп. Бұл балаларды алда әлі көп жақсылық күтіп тұр деп сенемін".
© Sputnik / Тимур БатыршинДальвира – 63 жаста: "Зейнет жасына жетіп, зейнетақы алуына тілектеспін. Немере сүйсін. Ал, біздің жастар қандай дегенге келсек, еш жаманы жоқ деп ойлаймын. Бірақ мұны қиын шақ туғанда ғана жақсы түсіну мүмкін-ау. Дәл осындай кезде адамның шынайы бейнесі көрінеді".
4/9
© Sputnik / Тимур Батыршин
Дальвира – 63 жаста: "Зейнет жасына жетіп, зейнетақы алуына тілектеспін. Немере сүйсін. Ал, біздің жастар қандай дегенге келсек, еш жаманы жоқ деп ойлаймын. Бірақ мұны қиын шақ туғанда ғана жақсы түсіну мүмкін-ау. Дәл осындай кезде адамның шынайы бейнесі көрінеді".
© Sputnik / Тимур БатыршинЕкатерина – 83 жаста: "Мен жастарға мейірімді, бақытты, мұқият болуды тілеймін. Жұмыста ұқыпты болып, оқуда озат болу керек және мұқтаждарға әркез қол ұшын созу қажет. Біздің жастар өте жақсы. Еш жаман сөз айта алмаймын".
5/9
© Sputnik / Тимур Батыршин
Екатерина – 83 жаста: "Мен жастарға мейірімді, бақытты, мұқият болуды тілеймін. Жұмыста ұқыпты болып, оқуда озат болу керек және мұқтаждарға әркез қол ұшын созу қажет. Біздің жастар өте жақсы. Еш жаман сөз айта алмаймын".
© Sputnik / Тимур БатыршинЕсмағұл Қашкенбаев – 85 жаста: "Қазіргі өмір біздің кезіміздегідей емес, мүлде басқа екенін жақсы түсінемін. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз заман ағымына қарай өмір сүріп жатыр. Үлкендер жастардан әркез аз нәрсені талап етеді. Бұл – Отанға деген махаббат пен құрмет, өз ата-анасына көңіл бөлу және қамқорлық таныту. Қазіргі жастарға бірдеңені міндеттесең, керісінше, қарсылық танытады. Әйтсе де, жастардың басым бөлігі бетпе-бет кездесуден гөрі телефонға шұқиып отырғанды жөн көретіні өкінішті".
6/9
© Sputnik / Тимур Батыршин
Есмағұл Қашкенбаев – 85 жаста: "Қазіргі өмір біздің кезіміздегідей емес, мүлде басқа екенін жақсы түсінемін. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз заман ағымына қарай өмір сүріп жатыр. Үлкендер жастардан әркез аз нәрсені талап етеді. Бұл – Отанға деген махаббат пен құрмет, өз ата-анасына көңіл бөлу және қамқорлық таныту. Қазіргі жастарға бірдеңені міндеттесең, керісінше, қарсылық танытады. Әйтсе де, жастардың басым бөлігі бетпе-бет кездесуден гөрі телефонға шұқиып отырғанды жөн көретіні өкінішті".
© Sputnik / Тимур БатыршинНаталья – 69 жаста: "Жастардың бойында табиғатқа, Отанға деген құрмет пен махаббат болса деймін. Қазір көбі табиғат пен жануарларға немқұрайлы қарайды. Ал бұларға деген қарым-қатынасы нашар болса, онда адамға деген жақсы ниеті де жоқ екені белгілі. Жастарға оқу оқып, жұмыс істеп, табысты болуды тілеймін. Мемлекет те жастарды қолдап, өздерін дамытуға мүмкіндік жасауы да маңызды".
7/9
© Sputnik / Тимур Батыршин
Наталья – 69 жаста: "Жастардың бойында табиғатқа, Отанға деген құрмет пен махаббат болса деймін. Қазір көбі табиғат пен жануарларға немқұрайлы қарайды. Ал бұларға деген қарым-қатынасы нашар болса, онда адамға деген жақсы ниеті де жоқ екені белгілі. Жастарға оқу оқып, жұмыс істеп, табысты болуды тілеймін. Мемлекет те жастарды қолдап, өздерін дамытуға мүмкіндік жасауы да маңызды".
© Sputnik / Тимур БатыршинАлма – 77 жаста: "Балаларымыз тамаша. Немере-шөберелерімізде барлығы жақсы болса екен. Оларға денсаулық, бақыт және ең бастысы – адамдықтан айнымай өсуін тілеймін. Жастарымыз әртүрлі. Бірдей емес. Бірақ олардың қай-қайсысы да бақытқа лайық!".
8/9
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алма – 77 жаста: "Балаларымыз тамаша. Немере-шөберелерімізде барлығы жақсы болса екен. Оларға денсаулық, бақыт және ең бастысы – адамдықтан айнымай өсуін тілеймін. Жастарымыз әртүрлі. Бірдей емес. Бірақ олардың қай-қайсысы да бақытқа лайық!".
© Sputnik / Тимур БатыршинГалина – 81 жаста: "Жастардың алдыңғы буын және жалпы ел тарихын білуі маңызды. Олар қарияларға құрметпен қарауы керек. Мына заманауи өмірде өздерін жоғалтып алмауы керек. Қазір барлығы тым күрделі болғандықтан, жастар үшін алаңдаймын. Қажетсіз ақпарат көп. Сондай ақпаратты сырт айналып өте алу керек".
9/9
© Sputnik / Тимур Батыршин
Галина – 81 жаста: "Жастардың алдыңғы буын және жалпы ел тарихын білуі маңызды. Олар қарияларға құрметпен қарауы керек. Мына заманауи өмірде өздерін жоғалтып алмауы керек. Қазір барлығы тым күрделі болғандықтан, жастар үшін алаңдаймын. Қажетсіз ақпарат көп. Сондай ақпаратты сырт айналып өте алу керек".